Астанада 100 млрд теңгенің инвестициялық жобалары қаралды

Ақтоты Жапатова 24 июл. 2025 11:21

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-парақшасында елорданың экономикасына тартылып жатқан инвестициялар туралы жазба жариялады,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Әкімнің айтуынша, 2024 жылы Астана экономикасына шамамен 2 триллион теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда едәуір жоғары.

«Елорданың дамуына жеке инвестиция тарту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл тек экономикалық өсімді ғана емес, жаңа жұмыс орындарының құрылуын да қамтамасыз етеді», – деп атап өтті қала басшысы.

Инвестициялық штабтың отырысында 100 млрд теңге көлеміндегі бірқатар жаңа жобалар ұсынылған. Атап айтқанда:

  • көпфункционалды логистикалық бөлу кешені;

  • шаруашылық дүкендер желісі;

  • тау-кен металлургия саласына арналған зертханалық кешен;

  • жарықтандыру бағаналарын өндіретін зауыт;

  • геохимиялық зертхана.

Жобалар жүзеге асқан жағдайда шамамен 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Жеңіс Қасымбек жауапты басқармаларға инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеуді және толық қолдау көрсетуді тапсырғанын айтты.


Рекомендовать
Последние новости