Ассамблея арқау болған шара: Елордада Тәуелсіздік тойына арналған фотокөрме өтті

Dalanews 28 авг. 2021 16:12 762

Нұр-Сұлтандағы “Достық” үйінде Қазақстан Халқы Ассемблеясының (ҚХА) елордадағы филиалының мұрындық болуымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық торқалы тойына арналған фотокөрме өтті деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Нұр-Сұлтан қалалық ҚХА филиалы өкілдерінің атап өткеніндей, осынау іс-шара – ел астанасындағы түрлі ұлт өкілдерінің басын қосу, олардың Қазақстанның өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесін көпшілікке паш ету мақсатында ұйымдастырылды. 

Ауқымды шараға Ассамблея қатарындағы игі жақсылар түгел жиналды десе болады. Шараның шымылдығын түрген қалалық Ішкі саясат департаменті басшының орынбасары Л. Құсайынова мұндай көрменің өткізілуі аса маңызды деген пікір білдірді. 

Егемен елдің қалыптасу кезеңіне шолу жасаған және Тәуелсіздік дәуіріндегі жеңістер мен табыстарға айрықша тоқталған Құсайынова Қазақстанның өркендеуіне Ассамблея да белсене атсалысқанын атап өтті. 

 “Славян және казак ұйымдары қауымдастығының” төрағасы Владимир Божконың айтуынша елдегі түрлі этнос өкілдерінің қиын-қыстау шақтан бауырына басып, жылы-жұмсағын ұсынған қазақ халқына алғыстан басқа айтары жоқ. 

Ассамблея ұйытқы болған көрмеде еліміздің қалыптасуы мен даму тарихы, ұлтаралық келісімнің арқасында қол жеткізген жетістіктер, түрлі этнос өкілдерінің бүгінгі тыныс-тіршілігі сурет арқылы баяндалған. 


Айта кетелік, аталған іс - шара карантинге байланысты онлайн өткізілді.

Рекомендовать
Последние новости