Аронды сақтай алмадық, енді Берікке кесіріміз тимесін!

Dalanews 23 июл. 2022 03:11 999

Таныдыңыздар ма? Төсек тартып жатқан Қанды қаңтарда қазақтың көк байрағын тік көтерген Берік Әбішев деген батырымыз. Берік сол кезде басынан ауыр жарақат алып, бүгінде ем алып жатқаны баршаға мәлім. Денсаулығы анау айтқандай мәз емес. Организмі әлсіз.

Қазір өзін ұлтшыл, саясаткер санайтын біраз азаматтар осы жігіт жатқан палатағы барып, суретке түсіп әлеуметтік желіге салып жатыр.

Қысқасы Берік арқылы өзін жарнамалап жатқан адамдар көп. Болат Әбіловтен бастап, өзін оппозиционер санайтын біраз адам қазір осы жігіттің айналсоқтап жүр.

Ағайын, Берік батырымыз мұражайдағы экспонат емес қой. Оның тыныш жатып ем алуына кедергі келтірмейік.


Естеріңізде шығар, өткен жылы коронавирус бет қаратпай тұрғанда Арон Атабек төсек тартып жатқанда, өзін жарнамалауға құмар топ өмір мен өлімнің арасында жатқан Арон Атабектің шыр айналып, біраз селфилеткен еді. Түрмеден денсаулығын жоғалтып шыққан батырдың басын осылай қатерге тіккен еді.

Сол кезде дәрігерлер Арон Атабектің коронавирус жұқтырғанын айтты. Аронға коронавирусты кім жұқтырды? Әрине, оның хал-жағдайын сұрап келген топ жұқтырғаны анық. Енді сол жағдай тағы да қайталануда.

Псевдосаясаткерлер тәттігі үймелеген арадай Беріктің жанынан шықпауда. Оның денсаулығын ойлап жатқан ешкім жоқ.

Елде карантиндік шектеулер тоқтағанымен коронавирус әлсіз адамдардың тез жұғатынын екінің бірі біледі.

Егер өзін Беріктің шын жанашыры санайтын азаматтар бұлайша селфилетіп, батырдың өміріне бұлайша қауіп төндірмеуі керек еді.


Естеріңізде болар, Арон Атабек пен Мұхтар Жәкішев абақтыдан бір жылда босады.

Жәкішев алғаш бостандыққа шыққан күні оның жары оны жиналған топпен кездесуіне қарсылық танытқандай болды. Жәкішев те түрмеде денсаулығын жоғалтты. Бірақ ол көпшілікпен көп кездескен жоқ. Денсаулығын түзеуге баса мән берді.

Ал Арон Атабек жатқан үйден кісі үзілмеді. Бәрі Аронмен бір селфилетіп қалуға тырысты.

Иә, Арон Атабек денсаулығын түрмеде жоғалтты. Бірақ коронавирус қызған шақта оған маза бермегенімізді де мойындауымыз керек. Осылайша өзі дімкәс адамның бақиға аттануын жеделдете түстік.

Енді Берікпен бірге селфиге түсеміз деп, оның өміріне қауіп төндірмейік!

Рекомендовать
Последние новости