Арыстанбек Мұхамедиұлының Фейсбуктегі парақшасы екі күн болмай жабылып қалды

Dalanews 28 нояб. 2016 16:32 894

Арыстанбек Мұхамедиұлының Фейсбуктегі парақшасы екі күн болмай жатып жабылып қалды. Министрдің аккаунты не үшін жойылғаны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

26 қарашада ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбук әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашқан болатын.
«Қадірлі достар! Мен мәдениет пен спортқа қатысты нақты ақпараттарды бөлісуге, сондай-ақ, осы саладағы барлық маңызды мәселелерді талқылау үшін Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашуды жөн көрдім. Сонымен қатар, осы парақша арқылы жас режиссерлермен, суретшілермен, әртістермен, әншілермен және де көптеген дарынды тұлғалармен тілдесуге әрі байланыс орнатуға дайынмын. Себебі біздің қасиетті жеріміз талантты жандарға кенде емес. Өзімнің достарыма сапалы «кері байланыс» пен қолдау білдіргендері үшін зор алғысымды білдіремін. Барлық ой-пікірлерді жеке өзім оқуға және мүмкіндігінше жауап беруге тырысамын», -деп жазған болатын министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы сондай-ақ Фейсбуктегі парақшасын жеке өзі жүргізіп отырғанын айтып, пікір білдірушілерді жөн-жосықсыз сөздерді жазбауға шақырған еді.

Рекомендовать
Последние новости