Қарды уақытында тазаламаған басқарма басшысы жұмысынан босатылды

Dalanews 28 нояб. 2016 17:01 902

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қар тазалау жұмыстары мәселесіне қатысты жиын өткізді. Онда аудан әкімдері, басқарма басшылары мен қалалық коммуналдық қызметтегілер қатысқан.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жұмысы нашар деп бағаланған. Нәтижесінде Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қызметінен босатылды.

"Біз былай деп айтамыз: Алматы - адам тұратын қала, алайда жолдар, қиылыстар әлі күнге дейін тазаланбаған. Тұрғындардың жайлы жағдай жасау керек. Қоғамдық көлік қатынайтын жолдарды тазалау керек", - деді Бауыржан Байбек.

"Жиын қорытындысы бойынша Алматы әкімі аудан әкімдіктегілеріне, сондай-ақ, қаладағы барлық қызмет өкілдеріне қар жауған кезде осындай жағдай қайталанбас үшін қажетті шараларды ойластырып қоюын тапсырды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

 

Рекомендовать
Последние новости