Арыста капиталға тартылған инвестиция көлемі артып келеді

Dalanews 28 нояб. 2018 15:19 858

Бүгін Арыс қаласындағы кәсіпкерлік мектебінің мәжіліс залында Арыс қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті жиыны өтті.

Қоғамдық ой-пікір, ұсыныс және көпшілік сұрақтарына жауап беруге арналған жиынды қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Достанов ашып, жүргізіп отырды.

Өткен жылы Арыс қаласында негізгі капиталға тартылған жалпы инвестиция көлемі 5 млрд. 831 млн. теңгеге жеткені болатын. Биыл қалада өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, туризм және ауылшаруашылығы салаларында іске асырылатын жобалардың есебінен 2018 жылы бюджеттік емес инвестиция көлемі 2 млрд. 864 млн. теңгені құрады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 3 жобаға қолдау көрсетілді. Биыл аталған бағдарлама аясында 7 жобаға қолдау көрсетіліп, оның 3-і субсидиялау, 2-і кепілдендіру, 1 грант, 1 инфрақұрылым бойынша жүзеге асты.

Сонымен қатар, өткен жылы өңірдегі ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 13 млрд. 142 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 110,6 пайызға жеткен. Сондай-ақ, былтыр жылыжай алаңы 3,1 гектарға артса, ағымдағы жылы 6 гектарға жылыжай салу жоспарлануда.

Кеңес отырысында Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің, Орман шаруашылығы мекемесінің және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің 2018 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы, Байырқұм, Жиделі, Ақдала ауылдық округтерінің 2018 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының есебі бойынша баяндамалары тыңдалып, талқыланды.

Жиын соңында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға қойылды.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости