Арыста әскери қызметкерлерге Елбасы Жолдауы насихатталды

Dalanews 12 нояб. 2018 16:33 919

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы құрылған Арыс қалалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің және №44859 әскери бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен әскери бөлімнің мәдениет үйінде жиын өтті.

Бұл жолғы Жолдаудың негізгі мақсаты ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыру.

Жиын барысында Арыс қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә.Жарымбет және ҚР ҚК ТжҚЖБ ЗАОДББ техникалық бақылау бөлімінің бастығы подполковник А.Бралин қатысып, Жолдау аясында баяндамалар жасады.

Баяндама барысында насихаттық топ мүшелері тарихи құжаттың тағлымдық жақтарына тоқталып, Жолдаудың басым бағыттарын атап көрсетті. Елбасы өзінің жылда Қазақстан халқына арнайтын Жолдауында қорғаныс, қауіпсіздік  саласына да баса мән беріп, қазақ әскерінің заман талабына сай қорғаныстық қабілетке ие болуына баса мән беретіні белгілі. Сонымен қатар әскерилердің әлеуметтік мәселесін шешу ісі ұдайы Елбасының назарында жүретінін сарбаздар жақсы біледі.

Кездесу барысында Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру бойынша әскери бөлімнің қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға заң аясында тиісті мәліметтер мен жауаптар берді.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости