"Арысқа бөлінген ақшаны жеп жіберген". Қызылордада экс-әкімнің соты басталды

Dalanews 25 авг. 2020 02:51 867

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың соты басталды. Облысты бір жылға жуық басқарған шенеунік аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген еді.

Сот елдегі жағдайға байланысты онлайн режімде өтіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"5 тамыз күні Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовқа қатысты қылмыстық іс түскен. Аталған іспен сотталушыларға ҚК 190-бабы, 4-тармағы, 2-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Қазір сот ісі қаралу барысында", - деді Қызылорда облыстық сотының баспасөз хатшысы Ардақ Ысмағанбетова.

Айта кетейік, 53 жастағы бұрынғы әкім алты ай бұрын қамауға алынған. Судья шенеунікті абақтыға емес, үйқамаққа жабу туралы шешім шығарыпты. Алаяқтық жасады деген Ысқақовпен бірге оның екі орынбасары, ең жақын көмекшісі және тағы бір кәсіпкер тұтқындалды деген ақапарат таралған. Десек те соңғылары.туарлы ресми дерек жоқ.

Бейресми мәліметтерге сәйкес, экс-әкім халықтың Арыс тұрғындарына жинап берген ақшасын жеп қойған.


Атап айтқанда, қайырымдылық қордағы 80 миллион теңгені түрлі фирмалар арқылы қалтаға басқан көрінеді.

Рекомендовать
Последние новости