Арыс қаласында қайырымдылық шарасы өтті

Dalanews 22 июн. 2017 10:14 786

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с)-ға бір кісі сұрақ қойыпты.  О Алланың елшісі Алланың алдында ең сүйікті адам кім деп? Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) «Алланың алдында ең сүйікті адам адамдарға пайдасын тигізген адам» деп жауап беріпті. Әлгі кісі екінші сұрақ қойыпты. Алланың алдында ең сүйікті амал қайсы амал?-деп. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) мұқтаждардың көңіліне қуаныш сыйлау деп жауап берген екен.

Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету-халқымыздың мақтан етер дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан игі іс.

Осы орайда, бүгін орталық «Ысқақ» мешіттің ұйымдастыруымен және жаны жомарт азаматтардың қолдауымен Рамазан айында келген «Қадір түні» мерекесіне орай әлеуметтік жағдайы төмен 150-ден аса отбасыларға демеушілер тарапынан азық-түлік өнімдері үлестірілді.

Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел ағалары әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандарға тұрмысқа қажетті заттарды молынан таратты.

Шараны ұй­ым­дас­­тырушылар осынау игі іс­тің алдағы уа­қытта да жалғаса бе­ретінін жеткізді.

Рекомендовать
Последние новости