Әр адам өзі қалаған медициналық мекемеге тіркелуге құқы бар

Dalanews 19 дек. 2023 05:00 869

Шымкент қаласының тұрғыны, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша берген өтініш нәтижесімен оң қорытынды ала алмағандықтан, Департаментке шағыммен жүгінген.

Аталған шағымды зерделеу барысында, Қала тұрғыны денсаулығына байланысты ем алу үшін, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидалары туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығына (Әрі қарай - Қағида) сәйкес, емханаға тіркелу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуіне жүгінген.

Алайда, аталған емхана Қағидада қаралмаған құжаттарды талап етіп, яғни флюорографиядан өткендігі туралы диагностикалық анықтама ұсынбады деген себеппен тіркеуден негізсіз бас тартқандығы анықталды.

Нәтижесінде, Департаменттің араласуымен мемлекеттік қызмет көрсету Қағидасына сәйкес аталған азамат емханаға тіркеліп, құқығы қалпына келтірілді.

Сәйкесінше, Департамент тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтен негізсіз бас тартуына себеп берген мамандардың жауапкершілігін қарау және алдағы уақытта бұзушылыққа жол бермеу мақсатында тиісті шараларды қабылдау туралы ұсыным жолданды.

Айта кетейік, аталған Қағидаға сәйкес кез келген азамат өз еркін таңдаумен қала аумағында орналасқан медициналық мекемеге тіркелуге құқылы.

Осы ретте, Қала тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасы Департаменттің басты назарында екендігін жеткізе отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде туындаған мәселелер бойынша Департаментке жүгіне алатынын мәлімдейміз.

Рекомендовать
Последние новости