Ақтөбеде шенеуніктер 3,2 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған

Көркем Алдабергенова 13 нояб. 2025 12:42

Ақтөбеде бюджет қаражатын негізсіз жұмсаудың алдын алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыс прокуратурасы 3,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды.

Аталған қаражат автожолдарды салу және жөндеу, аумақтарды абаттандыру және өзге де әлеуметтік маңызы бар қажеттіліктерге жұмсалуы жоспарланған.

Мәселен, прокуратура тарапынан Ақтөбе қаласындағы А. Молдағұлова даңғылы бойындағы автомобиль жолын орташа жөндеу шартының құнын негізсіз арттырудың алдын алу шаралары қабылданды.

2022 жылы Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «Нұрлы Жол-7» ЖШС арасында аталған жолды орташа жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге сомасына шарт жасалған.

Алайда, жеткілікті негізсіз жоба-сметалық құн қайта есептеліп, шарт сомасы 1,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтылған.

Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде шарт сомасы 300 млн теңгеге төмендетіліп, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алуға мүмкіндік берілді.


Рекомендовать
Последние новости