Ресей ғалымдары жаңа метеориттің ізін тапты

Сағыныш Сардарова 11 нояб. 2025 15:13

Ресей ғалымдары жаңа метеориттің ізін тапты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресей Ғылым академиясының В.И. Вернадский атындағы Геохимия және аналитикалық химия институты мәліметінше, ғалымдар 27 қазанда Тверь және Новгород облыстары маңында құлаған метеориттің алғашқы үлгілерін тапқан.

Метеориттің бөлшектері Мәскеу, Дедовск және Екатеринбург зертханаларына жеткізілген.

Алдын ала зерттеу нәтижелері бойынша метеорит "қарапайым хондриттер" деп аталатын тас метеориттер тобына жатуы мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости