Ақтөбеде әйел күйеуінің соққысынан көз жұмған

Сағыныш Сардарова 21 авг. 2025 12:43

Ақтөбеде әйел күйеуінің соққысынан көз жұмған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтөбе соттары мәліметінше, ер адам әйелінің басынан бірнеше рет ұрған, содан кейін оның жағдайы күрт нашарлаған. Әйел төсектен тұрмаған, үйден шығуды қойған. Алғаш рет жедел жәрдем шақырғанда дәрігерлер ауруханаға жатуды ұсынғанмен, жәбірленуші одан бас тартқан. Екінші рет жәдел жәрдем шақырған кезде ол ауруханаға жеткізілген, бірақ жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Сот отырысы барысында сотталушы сол оқиғадан бір ай бұрын әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткені расталған. Ер адам әйелдің бетінен үш рет ұрған, ал жәбірленуші өзін қорғамақ болғанда тағы екі рет ұрған. Әйел соққыдан құлаған, бірақ ол кезде де ауруханаға бармаған.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес өлімге бас сүйек-ми жарақаты себеп болған.

Сот ер адамды 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, сот Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысынан жедел жәрдем қызметінің жұмысында анықталған кемшіліктерді жоюды және алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеуді талап етіп, жеке қаулы шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 


Рекомендовать
Последние новости