Ақтөбе – Астана бағытына жазғы маусымдық пойыз қатынайды

Ақтоты Жапатова 30 июн. 2025 14:37

Жазғы маусымда жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ақтөбе мен Астана қалалары арасында №257/258 жолаушылар пойызын іске қосады,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Бұл бағыт жазғы демалыс кезеңде батыс және солтүстік өңірлерге жол жүретін жолаушыларға қолайлы мүмкіндік жасау мақсатында іске қосылды.

Пойыз 2025 жылғы 4 шілдеден 2 қыркүйекке дейін төмендегі кесте бойынша қатынайды:

  • Ақтөбеден жөнелтілуі: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 шілде, 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 тамыз.
  • Астанаға (Нұрлы жол) келуі: 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 шілде, 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 тамыз.
  • Астанадан (Нұрлы жол) жөнелтілуі: 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 шілде, 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 тамыз және 1 қыркүйек.
  • Ақтөбеге келуі: 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 шілде, 2, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 тамыз және 2 қыркүйек.

Пойыз құрамында 12 вагон бар, оның ішінде 6 купе және 6 плацкарт вагоны қарастырылған. Вагондар ауа баптау жүйесімен, санитарлық және техникалық талаптарға сай жабдықталған. Бұл пойыз бір бағытта 500-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. 


Рекомендовать
Последние новости