Ақтаудан "Әбіш Кекілбаевтың рухани орталығы" ашылатын болды

Dalanews 13 сент. 2016 10:00 1381

Ақтау қаласында Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың құрметіне арнайы орталық ашылатын болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Адамзаттың абызы, ақылманы, Алаштың ардақты ұлы, аса көрнекті қаламгер, мəдениет жəне қоғам қайраткері, Еңбек Ері Əбіш Кекілбайұлының бақилық болғанына жыл болады жақында. Осы жыл басында Маңғыстау облысының əкімі А.Айдарбаевтың қаулысымен Əбішті мəңгі есте қалдыру жəне оның тарихи-мəдени, əдеби мұраларын насихаттау жөнінде комиссия құрылған болатын. Бүгінде комиссия бірқатар істерді атқарып үлгерді. Өзінің туған жері Маңғыстаудың орталығы Ақтау қаласына Əбіш Кекілбаев рухани орталығы салынатын болды", дейді Мирлан Сақтағанұлы фейсбуктағы жазбасында.




Арнайы Астана қаласынан келген елімізге белгілі сəулетшілер бүгін өңір басшысына орталықтың эскизін таныстырды. Эскиз жұмысы тараптардың келісімімен жүзеге асырылып отыр. Орталық маңында 2000 адам демала алатын жəне оларға қажетті кітапхана, музей экспонаты, концерт залы, кітап дүкендері жəне субұрқақтар орнатылады. Орталық құрылысы келер жылы басталады деп жоспарлануда.




Айта кетсек, былтыр Орал қаласында Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығы ашылған болатын.

Дереккөз: Ұлт порталы

Рекомендовать
Последние новости