Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды

Көркем Алдабергенова 25 дек. 2024 13:18 404

Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Президенттің тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді тапсырды.

Еске салайық, бүгін, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ құлады. Осыған байланысты ТЖМ түсініктеме берген болатын. 
"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті".

"Қазаэронавигация" ақпаратынша, Баку-Грозный бағыты бойынша келе жатқан "Эмбрайр190" AHY8243 ұшағы Ақтауда құспен соқтығысқан. 

Ал әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, бортта 67 адам мен 5 экипаж мүшесі болған.

 


Рекомендовать
Последние новости