Ақтаудағы №2 маршрутқа су жаңа 16 автобус қосылады

Dalanews 21 апр. 2021 10:19 934

Ақтаудағы қалааралық №2 маршрутына 16 жаңа автобус қосылады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Ақтау қалалық №2 маршрут тасымалдаушысы «Жолаушы-Ақтау» ЖШС-нен БРК-лизинг арқылы автобус парктерін жаңарту үшін 16 дана «Yutong» маркалы отандық жаңа автобустарын сатып алуға өтініші түскен. Бір автобустың құны 43 900 мың теңге, алғашқы төлем 210 728 мың теңге 30%-құрайды.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 16 жаңа автобусты сатып алу үшін тиісті құжаттар рәсімделуде. Атап айтқанда инвестициялық ұсыныс дайындалуда. Нәтижесінде облыс орталығы Ақтау қаласының барлық маршруттарындағы автобус паркі 90%-ға жаңартылатын болады.

– Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының автобус парктерін жаңарту мақсатында қалалық Әкімдік тарапынан жаңа коммуналдық автобус паркін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін қалалық әкімдікке қарасты жаңадан «Жаңаөзен Автотранс» КММ-ін құру бойынша жұмыстар басталды. Барлық тиісті құжаттар әзірленіп, қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінде сараптамадан өтуде, – деді Адайбек Қалиев.

Рекомендовать
Последние новости