Ақтау портында контейнерлер айналымы үздіксіз артуда

Dalanews 29 нояб. 2019 06:00 895

Тұрақты фидерлік желіні іске қосу Каспий өңірінде контейнерлеудің артуына ықпал етуде.

Ақтау портында ағымдағы жылғы сәуірде алғашқы іске қосылған күннен бастап бүгінге дейін 10 мыңнан аса ЖФЭ контейнер өңделіп, өткен жылдың барлық кезеңімен салыстырғанда 400%-ға артық болды.

Бұған Транскаспий халықаралық көлік маршрутына (ТХКМ) барлық қатысушылардың үйлестірілген іс-қимылы және контейнерлерді жеткізудің бүкіл кезеңінде техникалық және коммерциялық аспектілерді келісу арқасында қол жеткізу мүмкін болды.

Контейнерлер құрамындағы негізгі жүк үлесі – Қытайдан Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Еуропа елдерінен (Италия, Румыния т.б.) және кері бағыттағы түрлі тауарлар тасымалдануда.


Ақтау порты стратегиялық мақсаттарды көздей отырып, мультимодалды тізбек серіктестерінің өзара іс-қимылы үшін өз аумағында оңтайлы жағдай жасап, сонымен бірге бүкіл маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, іс жүзінде тұрақты контейнерлік сервисті дамытып отыр.

Еске сала кетсек, ТХКМ – Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия және әрі қарай Түркия, Еуропа елдері арқылы өтетін мультимодалды халықаралық көлік дәлізі.

 

Рекомендовать
Последние новости