“Ақша жымқырған”. Шымкентте көпбалалы ана бірнеше жылға сотталды

Қаракөз Амантай 24 окт. 2024 14:46 3723

Шымкентте балабақшада есепші болып істейтін бес баланың анасы бюджеттің 15 миллион теңгесін жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, Шымкент қаласындағы №46 “Ақбөпе” балабақшасының есепшісі коммуналдық қызметтер мен басқа да төлемдерді төлеуге белгіленген мөлшерден артық ақша бөлген. Артық ақшаны шотына жіберіп отырған. Осылайша ол мемлекетке 15 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

“Сотталушыға жаза тағайындау кезінде сот шын жүректен өкіну, келтірілген зиянды толық өтеу түріндегі жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуын, асырауында бес жас баланың болуын, ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді”, - деп хабарлады Шымкент соты.

Есепші Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте және мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыра отырып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости