АҚШ-тан Роллс-Ройс әкеліп беремін деп алдаған алаяқ БАӘ-де жүрген жерінен ұсталды

Көркем Алдабергенова 04 июн. 2024 09:30 3204

Біріккен Араб Әмірліктерінен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Бүгін Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен алдау және сенімді теріспайдалану жолымен ірі мөлшерде бөтенніңмүлкін жымқырғаны үшін қылмыстықжауапкершілікке тарту үшін күдіктіні экстрадициялады.
 
Ол 2010 жылдың қазан айында жәбірленушіден АҚШ-тан «Роллс-Ройс»маркалы автокөлікті жеткізу үшін 50 млн теңгеден астам ақшасын алып, кейін бой тасалап қашып кеткен.
 
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, халықаралық іздестіруге жарияланды. Күдікті Қазақстанның құқық қорғау органдарынан 10 жылдан астам уақыт бойы жасырынып келді.
 
Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
 
Күдікті Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы дайындаған 2009 жылғы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімнің арқасында экстрадицияланды.

Рекомендовать
Последние новости