“Ақжолдықтар” Путиннің соғысын қолдайтын депутаттың мәселесін қарайтын болды

Dalanews 19 янв. 2023 02:28 1099

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Әбілдаевтың Украинадағы соғыс туралы ойлары бойынша “Ақ жол” партиясы президиумында қаралады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев айтуынша, президиумында төмендегідей үш мәселені қарастыратын болды.

  1. А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да бұзып тұр.

  2. “Ақ жол” партиясы қашан да республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды.

  3. Депутаттардың тәртіптік мәселесін қарастыру партияның Ұлттық кеңесінің құзыретіне кіретіндіктен, депутат А.Әбілдаевтың сөздеріне саяси баға беру және мәселесін қарау үшін ертең партияның Ұлттық Кеңесінің пленумы шақырылуда.


Рекомендовать
Последние новости