Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданы Жосалы ауылдық округі әкімі Батырғали Иманқұлов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбайдың алғыс хатымен марапатталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Агенттік төрағасы табиғат сынақтары тұсында қиындыққа тап болған қоғам мүшелеріне мемлекеттік қызметші ретінде қолдау көрсетіп, азаматтық ұстаным және батыл іс-қимыл танытқаны үшін алғыс білдірді.
Батырғали Иманқұлов 6 ақпаннан 7 ақпанға қараған түні ақ түтек боранда трактормен қар құрсауына қалып, ауылға қарай жаяу шығып бағытынан жаңылысып қалған азаматқа дереу көмекке барып, ауылға аман-есен жеткізген.
Мемлекеттік қызметшінің ерлігінің арқасында азаматқа уақытылы көмек көрсетілді.
Агенттік Төрағасының арнайы жолдаған алғыс хатын Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсалов табыстады.