Антикор бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапановты ұстады

Сағыныш Сардарова 01 мар. 2024 19:25 4935

Антикор бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановты ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт Вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Ерлан Қожағапанов Астана әкімінің орынбасары, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті болды.

Сонымен қатар, ҚР премьер-министрі кеңесшісінің міндетін атқарушы, кеңесшісі, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Алматы әкімінің бірінші орынбасары болды.


Рекомендовать
Последние новости