Анасының көзінше жеті жасар қызды қағып кеткен: жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды

Сағыныш Сардарова 08 апр. 2025 17:47 794

Алматыда анасының көзінше жеті жасар қызды қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала прокуратурасы жол апатына қатысты қылмыстық іс бойынша Renault жүк көлігінің жүргізушісіне қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішті қолдаған.

"Новая-Бұрындай көшелерінің қиылысында жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті, бала сол жерде көз жұмды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданааралық тергеу соты жүргізушіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, баптың санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қала прокуратурасы көлік иелерін сақ болуға, жолдарда өзара сыйластық танытып, жол ережесін сақтауға шақырады.


Рекомендовать
Последние новости