Абай облысы Жарма ауданында бруцеллез ауруының өршуіне байланысты карантин жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұлақ ауылында ірі қара малдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізілді.
Екі жүзге жуық мал бруцеллез жұқтырған. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасынан хабарлап отыр.
— Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарынан 193 бас ірі қара мал союға жіберілді. Барлық ауру зертхана арқылы расталды, - делінген ақпаратта.
Осы орайда ветеринарлық талаптарға сай карантиндік шаралар жүргізілген.
Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, бұл елді мекенде соңғы үш айда 50-ге жуық бруцеллез тіркелген. Мамандар жағдайды тексеріп, бақылауды жалғастыруда.