Амандық Баталов: «Балқаштың туристік әлеуетін кәсіпкерлерге таныстыруымыз керек»

Dalanews 13 нояб. 2020 05:54 868

Алматы облысы әкімі Амандық Баталов Балқаш көлінің жағалауын және тау туризмін дамыту жоспарлары мен шешімін күткен мәселелер талқылау5а қатысты жиын өткізді.

Балқаш көлінің жағалауын дамытудың Бас жоспары 2013 жылы жасалған.  Жиында сол құжат жобасына сәйкес көл жағалауына инженерлік инфрақұрылымдар жүргізу, электр желісін тарту, жол салу мәселелері туралы сөз болды.

Мәселен, жобаға сәйкес 15 шақырым автокөлік жолын төсеу, 50 шақырым су құбыры жүйесін салу, 40 шақырым кәріз жүйесін жүргізу, 55 шақырым электр желілерін тарту жоспарланған.

Жобалаушы мекеме тарапынан электр желісін Тентек, Көктерек, Лепсі қосалқы стансалары арқылы тарту ұсынылған. Алайда Амандық Баталов бұл жұмысты екі кезеңге бөліп, алғашқы кезеңін ең жақын орналасқан Лепсі қосалқы стансасы арқылы тарту қажеттігін айтты. Сол сияқты жағалауға апаратын жолдармен қатар радиалды жолдар салуды да қарастыруды тапсырды.


Сонымен қатар тау туризміне инвесторлардың қызығушылығын арттыру үшін жол жөндеу жұмысына облыс әкімі қолдау білдіретінін айтты. Аудан әкіміне құрылыс жұмыстарына кететін барлық есеп-қисапты анықтап әкелуді тапсырды.

– Балқашқа қатысты арнайы бизнес-форум өткізу керек. Туристік аймақ ретінде Балқашты бәрі біледі. Бірақ біз оны инфрақұрылымы тартылған, жағдай жасалған көл жағалауы ретінде кәсіпкерлерге таныстыруымыз керек, – деді А.Баталов.

Рекомендовать
Последние новости