Сіз кімсіз, Гүлжан ханым?

Dalanews 13 нояб. 2020 11:13 1797

Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының басшылары тарапынан қызметтік міндетін асыра пайдаланған жағдайлар тіркелді.




Праймериз кезінде ақпарат құралдарында кандидаттар тарапынан дауыс беруде бұрмалаушылыққа жол берілгені жайлы аз жазылған жоқ.

Айталық Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы және Байқоңыр аудандарында Елбасының әділ бәсеке туралы бастамасын бұрмалап, праймериз өткізуде заң бұзушылыққа жол берген фактілер дер уақытында анықталды.


Атап айтқанда аталған аудандарда партия мүшелерінің нөмірін сапырыстырып жіберген, бұдан бөлек кәмелетке толмаған мыңдаған жасөспірімді партия қатарына жаппай қабылдаған. Жастар партия қатарына өтіп кеткенін мүлде білмеген.

Әлбетте мұндай әрекеттер "Нұр Отан" партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимовтың араласуымен жүзеге асқаны айдан анық. Праймериз кезінде әділ бәсекеге жол бермей, дауыс беруге ықпал еткен жаңа фактілер әліге дейін әшкере болуда.

Әлеуметтік желіде жарияланып, ел назарын аударған мына жайт тіпті жаға ұстатады!

Әлемжеліде тараған ақпарат бойынша "Нұр Отанның" депутаттыққа үміткер кандидаты тізіміне дауыс беру науқанына қатыспаған және партияның қалалық квотасы бойынша ұсынылмаған көлденең адам өтіп кеткен.


Әлеуметтік желідегі За нами уже выехали арнасының хабарлауынша "Нұр Отанның" партиялық тізіміне сайлауға қатыспаған, қалалық квота бойынша ұсынылмаған көлденең адам өтіп кеткен.



Осыдан екі күн бұрын "Нұр Отан" өзінің 78 адамнан тұратын партиялық тізімін жариялаған еді. Осы тізімде аты аталған азаматтар Мәжіліс пен Мәслихаттағы орынға таласады.

Ал бұл тізімге партияның өз ішінде дауыс беру, былайша айтқанда праймериз арқылы көп дауыс жинаған кандидаттар өтеді.



За нами уже выехали арнасының жазғанындай бұл тізімде Гүлжан Мырзәлиқызы Бекенова деген әлдебіреу жүр. Ол партиялық квота бойынша өткен делінеді. Құжатта Бекенованың праймеризге қатысып 3129 дауыс жинағаны, сөйтіп Алатау ауданы бойынша көш бастағаны туралы жазылған.



"Алайда дауыс беру нәтижесі жарияланған порталда да, тіпті партия квотасында да Гүлжан Бекенованың аты аталмаған. Праймериздің ресми сайтында оның есім-сойы жоқ.  Әлгі сайтта Алатау ауданы бойынша ең көп дауысты мүлде басқа адам жинады деп көрсетілген. Сонда бұл азамат партияның қорытынды тізіміне қалай өтіп өктен?", – дейді таңданысын жасырмаған За нами уже выехали арнасы.

Алайда бұл жалғызлікті жағдай емес.

Кейбір дереккөзге таратқан ақпаратқа қарағанда "Нұр Отан" партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов өзінің қызметтік ықпалын пайдаланып, партия делегаттарына өзіне қолайлы адамдарға дауыс беруге мәжбүрлеген.


Әрі праймериздің алғашқы сатысынан өткен шынайы жеңімпаздарды Мәжіліске өз кандидатурасын ұсынудан бас тартуға табанды түрде талап еткен.

Бұл ұсынысқа көнбегендерің кандидатурасын тағы да қызметтік құзіретін пайдаланып тізімнен сызып тастауға күш салған. Былайша айтқанда Қаналимов праймериз нәтижесін сапырыстырып, тізімдегі өзінің адамдарын қолдап, "команда" жасақтамақ болған. Шын жеңімпаздардан төмен тұрған кандидаттар аяқ астынан тізімнің төбе басына шығып кеткен.

Дереккөздің жазғанындай Қаналимов мұнымен байыздамай партия квотасына өз адамын тықпалап, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы болуды көздеп отыр.

"Осы арада мынадай сауал туындайды: партияның төменгі деңгейіндегі жетекшілері осы арқылы "Нұр Отанның" имиджіне нұқсан келтіріп отырғанын біле ме? Праймеризде шын жеңіске жеткен азаматтар депутат атана алмаса бұл науқанды несіне өткізді? Бұл барып тұрған көзалдау!", – дейді дерекөз.

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости