Амандық Баталов «Айналайын» тәрбиеленушілерін Жаңа жылымен құттықтады

Dalanews 28 дек. 2017 07:09 771

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорғандағы «Айналайын» балалар үйіне барып, тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Бүгін сендерді жаңа жылдарыңмен құттықтауға арнайы келдім. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен жас өркеннің бүгіні мен болашағы үшін барлық жағдай жасалуда. Әрқайсыларың күні ертең еліміздің мықты азаматы болып өсесіңдер, оған дейін үздік оқып, жақсы білім алуға талпыныңдар. Біз өз тарапымыздан жандарыңнан табылуға, қамқорлық жасауға, әр баланың бақытты болуына барлық мүмкіндікті жасайтын боламыз. Жаңа жылда баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл, мол жетістіктер тілеймін. 2018 Жаңа жыл жақсылығымен, жаңалығымен келсін! – деді А. Баталов. Балаларға жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді. Сол сияқты балғындардың өтініштері бойынша балалар үйіне ноутбук сыйға тартылды.

Өз кезегінде балалар қонақтарға жаңа жылдық концерттік бағдарламаларын ұсынды.


Рекомендовать
Последние новости