Аманаттықтар 70 млн теңгенің құрылыс материалдарын су тасқынынан зардап шеккен аудандарға жеткізеді

Dalanews 24 мар. 2023 12:21 784

«AMANAT» партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі жұмысы жалғасып жатыр.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы кездесу барысында тұрғындар елді мекендерді қалпына келтіру мәселелерін көтерді.

Партия зардап шеккен аудандарға 70 млн теңгеден астам сомаға құрылыс материалдарын жеткізуді көздеп отыр.
Ақтөбе облысының Қобда ауданында 101 үй, Батыс Қазақстан облысында 80-ге жуық үй тасқыннан зардап шекті.

Су басқан елді мекендердің тұрғындарымен кездесуде «AMANAT» партиясының мүшелері бөлінген көмектің адамдарға жеткен-жетпегенін нақтылап, үйлерді қалпына келтіру үшін тағы қандай көмек қажет екенін анықтады.

Мәжіліс депутаттығына кандидат Ерлан Саиров зардап шеккен аудандарға он күн ішінде «AMANAT» партиясы 70 млн теңгеден астам сомаға құрылыс материалдарын жеткізетініне уәде берді. Ең алдымен, цемент, сылақ (шпатлевка), линолеум және өзге де қажетті материалдар жеткізіледі.

«AMANAT» партиясы әрқашан халықпен бірге. Бұл жолы да партиялықтар шет қалған жоқ. Он күн ішінде партия есебінен үйлерді қалпына келтіруге қажетті құрылыс материалдары сатып алынып, зардап шеккендерге жеткізіледі», – деді Ерлан Саиров.

Депутаттыққа кандидат жыл сайын тасқын белгілі бір жерлерде ғана орын алатынын, бірақ оның алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылданбайтынын атап өтті.



Сондықтан, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған міндеттің бірі: тұрғындарды маусымдық су тасқынынан қорғау және гидротехникалық құрылыстар жүйесінде тәртіп орнату. Мәжілістің жаңа шақырылымында «AMANAT» партиясының фракциясы тасқын мәселесін заңнамалық деңгейде шешуге кіріседі.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі жеке талқыланды. Мәжіліс депутаттығына кандидат Ербол Салықовтың айтуынша, «AMANAT» филиалдары өтемақының әділ әрі уақтылы төленуі мәселесін бақылауға алады.

Аманаттықтар тұрғындарға «AMANAT» партиясының Ақтөбе облысы бойынша өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында алдағы 5 жылда 8 бөгетке күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізуге ниетті екенін жеткізді.

2028 жылға дейін Батыс Қазақстан облысында 9 магистральді су арнасы және 7 қолданыстағы су қоймасы қайта жөнделеді.

Рекомендовать
Последние новости