«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдаулары Павлодар және Түркістан облыстарына келді

Dalanews 25 июл. 2022 15:20 739

«AMANAT» мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс сапары жалғасып жатыр. Бүгін партия мүшелері Павлодар және Түркістан облыстарына барды. Бір күнде шалғайдағы 4 елді мекен қамтылып, қабылдауға 100-ге жуық азамат келді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХІІ Съезінде партия жұмысын қайта құруды тапсырып, қоғамдық қабылдау бөлмелері азаматтар үшін тартымды орынға айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Қоғамдық қабылдау бөлмелері адамдар тек шағым арқалап емес, елді дамытуға қатысты нақты ұсынысымен келетін орын болуы қажет.

Мәселен, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылының фермерлері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге берілетін несие қолжетімділігін кеңейтуді және техника сатып алуға негізделген субсидия көлемін ұлғайтуды сұрап отыр. Сондай-ақ, шаруа қожалықтары шөп шабатын маусымдағы жанармай қымбатшылығына назар аударды.

 

Рекомендовать
Последние новости