«AMANAT» кандидаты Шемонаихада сайлаушылармен кездесті

Dalanews 06 мар. 2023 10:22 864

«AMANAT» партиясының кандидаты Марина Быкова Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында сайлаушылармен кездесті.

Кездесуде ауыл инфрақұрылымы мен шаруашлығын дамыту мәселелері талқыланды. Кандидат партиялық бағдарламада ауыл экономикасын көтеруге басымдық берілгенін атап өтті.

– Біз ауылдық жерде еңбек ету абыройлы әрі пайдалы болатындай жағдай жасаймыз. Қазақстан жерінің әлеуеті жүз миллион адамды тамақтандыруға жетеді, демек біздің агроөнеркәсіптік кешен жоғары өнімді экспорттық секторға айналуға тиіс. Қазақстан әлемдік азық-түлік нарығында өз позициясын нығайтып, дамытуы керек.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарына өмір сүруге қолайлы тұрмыс деңгейі мен еңбек жағдайын жасаймыз.


Біз баршаға түсінікті стандартпен нормативтердің негізінде ауыл тұрғындарының инфрақұрылымға, білімге, медицинаға қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейміз.



Сондықтан «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беріңіздер! – деді облыстық мәслихатқа үміткер Марина Быкова.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан да ұсыныс айтылды.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді


Рекомендовать
Последние новости