«Aлтын күз — 2018»: Сайрам ауданы үздік үштіктің қатарында

Dalanews 22 нояб. 2018 09:57 907

Биылғы "Алтын күз-2018" жәрмеңкесі Түркістан өңіріндегі көптеген аудандарды ауыл шаруашылығы саласы өркендеп жатқанын кезекті рет дәлелдеп берді. 

Облыс орталығы Түркістан қаласында өткен «Aлтын күз — 2018» ауылшаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі аясында Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін озат орындағаны үшін Сайрам ауданы III — ші орынды иемденді.

Аталған марапатты облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өзі аудан әкімі Бақтияр Мамаевқа табыстап, ауданның ауылшаруашылығы саласының еңбеккерлеріне мол табыс тіледі.

Сонымен қатар, аталған шара барысында «Озат көкөніс өндіруші» номинациясымен «Манкент Агро» ӨК марапатталды. Шара соңында облыс басшысы аудандар тарапынан ұйымдастырылған жәрмеңкені аралап көрді.

Дәл осы күні қала тұрғындары мен қонақтар қонақжай сайрамдық диқандардың ауылшаруашылық жәрмеңкесінен өздеріне қажетті өнімдерді қуана сатып алды, жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.


Сайрамдықтар сондай-ақ, еліміздің азық-түлік қорын байытуға да салмақты үлес қосып келеді. Мәселен, 2016-2017 жылдары ауданда 16417 тонна ет, 97284,8 тонна сүт өндіріліп, 13 миллион 128 мың дана жұмыртқа алынды. Аудан еңбеккерлері мемлекеттің «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары бойынша да өздеріне жүктелген тапсырмаларды еселеп орындады. Соның айғағындай, аудандағы мал бордақылау алаңдарында бір мезетте мыңдаған ірі қара семіртіліп жатыр. Аудан бойынша 10-15 ірі қараны бордақылау және жанұялық сүт аулаларын құру тапсырмалары да жемісті жүзеге асқанын айта кеткен орынды.

Әрине, адам ағзасына өте қажет дәрумен болып табылатын көкөніс өсіру де ауданда мықтап қолға алынған. Қазір сайрамдықтар 79 жылыжайда жылдың төрт мезгілінде көкөніс өсіріп, дастархан байлығын молайтуға үлес қосып жүр.

Рекомендовать
Последние новости