Төле би ауданында жеті бірдей ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр

Dalanews 14 нояб. 2018 09:48 908

Түркістан өңірінің 120 мыңнан асып жығылатын халқы бар Төле би ауданында алдағы бес жылда өздерінде өндірілген электр қуатымен толық қамтылатын мүмкіндікке ие болады. 

Айта кетсек осы мақсатта қазіргі таңда ауданда жеті бірдей ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр екен.  Атап айтар болсақ, алдағы уақытта Сайрамсу мен Қасқасу өзенінің бойында алты шағын су-электр станциясы бой көтереді. Ал биылғы жылы қуаттылығы 5 МВт, құны 1,5 млрд теңге болатын «Ақсу қуат» алғашқы су-электр стансасының құрылысы аяқталатын болады.

Сонымен қатар биыл аудан орталығы Леңгір қаласында қуаттылығы 10 МВт болатын «ДСТО- Solar» күн электр стансасы мен Қасқасу ауылдық округінде қуаттылығы 5 МВт болатын «Сары-Айғыр Қуат» шағын ГЭС құрылысы басталады. Баламалы электр қуатын өндіру бойынша «ДСТО- Solar» жобасының құны 4 млрд теңге.

Бұл жобалардың барлығы іске қосылған жағдайда 30 МВт-қа жуық электр қуаты өндіріледі. Айта кетейік, бүгінде ауданның электрге қажеттілігі шамамен 20 МВт, қалғаны күн сайын электр қуатының қажеттілігі артып келе жатқан ауданның өндірістік даму бағытына пайдалану көзделуде.

Төле би ауданының тәжірибесі өзге де аудандарға үлгі болары анық.

Рекомендовать
Последние новости