Алтай Көлгінов: «Халық сенімі полиция жұмысының көрсеткіші болуы тиіс»

Dalanews 28 авг. 2019 12:59 758

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл ауданының полиция басқармасының жаңа ғимаратының ашылуына қатысты. Салтанатты жиында қала әкімі елордада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларының жаңа ғимаратқа көшуі олардың жұмысын жандандыруына септесетінін алға тартты.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қалыптастыру міндетін қойғаны баршамызға мәлім. Сіздер игі миссияны орындап, күні-түні жұмыс істе жүрсіздер. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз ол оңай жұмыс емес. Сіздердің қажырлы еңбектеріңізді арқасында бас қаламыздағы қылмыстың көлемі 40%-ға азайды. Бұл үлкен көрсеткіш, – деді Алтай Көлгінов.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомствоның жұмысы жүйелі және нақты ұйымдастырылуға тиіс екенін, басты міндет – қазақстандықтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету екенін атап өткені есімізде.

– Халық полицияға сенуі керек. Халықтың сенімі полиция жұмысыңыздың көрсеткіші болуы тиіс. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі полицейлердің еңбек жағдайын жақсарту көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Соңғы уақыттардың өзінде ауданда департамент басқармалары жаңа ғимаратқа көшіп, тәртіп сақшылары ондаған жаңа автокөлікке ие болды. Сонымен қатар, тұрғын үй жағдайын жақсарту да біздің басты назарымызда. Біздер полиция еңбегін әрдайым жоғары бағалаймыз. Сіздерді келе жатқан Конституция күнімен құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларңызға зор денсаулық тілеймін, – деп қала басшысы ақжарма тілегін ақтарды.

Салтанатты шара барысында елорда әкімі ерлікпен көзге түскен полицейлерді марапаттады.

Олардың қатарында өрт кезінде балалы ананы құтқарған Дінмұхамбет Масадықов сынды өз ісіне берілген азаматтар болды. Енді Есіл ауданының қауіпсіздігін қадағалайтын 400-ден астам полицей жаңа ғимаратта жұмыс істейді.

Рекомендовать
Последние новости