Нұр-Сұлтанда үлескерлер мәселесі оң шешімін тауып келеді

Dalanews 27 авг. 2019 05:25 733

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі  Алтай Көлгінов «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде сұхбат беріп, елорда тұрғындарының мазалаған сұрақтарына жауап берді. Өз кезегенде қала басшысы Нұр-Сұлтандағы үлескерлердің мәселесін шешу жолында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын баяндады.

Бүгінде елімізде үлескерлер мәселесін өзекті екені белгілі. Бар жиған-тергенін үлесті құрылысқа салып баспаналы болуға ұмтылған халыққа Үкімет пен жергілікті билік орындары қол ұшын созып, мәселенің оң бағытта шешілуі үшін күш салуда. Өз кезегенде Алтай Көлгінов бұл бағытта Нұр-Сұлтан қаласында қандай жұмыстар іске асып жатқанын жан-жақты әңгімелеп берді.

– Нұр-Сұлтан қаласында үлескерлердің қаржысына салынып жатқан 51 нысан бар. Олардың мәселесі біраз уақыттан бері шешілмей келеген еді. Президентіміз бұл мәселенің шешімін табу үшін 40 млрд теңге қаражат бөлуді тапсырған-ды. Соның 20 млрд теңгесі биыл бөлінді. Үлескерлердің мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бақылауында. Сондықтан біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Осы мәселелер алдағы уақытта оң шешімін табуы үшін жұмыс істей боламіз, – деді елорда әкімі.

Әңгіме барысында Алтай Көлгінов екі айдың ішінде барлық 51 нысанды аралап шығып, үлескермен кездескенін алға тартты. Әкімнің айтуынша, қаладағы үлескерлердің саны 14 мыңның үстінде екен. Осылайша жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселеге биыл қозғау салыныпты.

– Біз үлескерлермен кездескенде мәселені өте өзекті екеніне көз жеткіздік. Бірқатар нысандарды жобалық-сметалық құжаттары болмаған. Біраз үйдің құрылысы басталып, кейіннен тоқтап қалғаны жасырын емес. Кей жерде үйдің котлаваны қазылған күйінде қалыпты. Бұл мәселелерді шешу үшін инженерлік желілерге қатысты жобаларды қайта қарап, жер телімдерін рәсімдеу керек. Сонымен бірге үлескерлердің өздерінің келісімшарттары да қажет. Осындай бірқатар проблемалық мәселелерді анықтап, жұмыс істеп жатырмыз. Ең бастысы, мемлекет үлескерлерге барынша қолдау көрсетіп отыр, – деді қала басшысы.

Өз кезегінде әкім бұл іске инвесторларды тартып, тартымды жобаларды оларға беріп жатқанын алға тартты. Әкім бүгінде «Елорда құрылыс» компаниясы құрылып, үлескерлердің мәселесімен түбегейлі айланысып жатқанын жеткізді.

Рекомендовать
Последние новости