Алтай ауданының әкімі: "Аграрлық саланы қолдауды күшейте түсеміз"

Dalanews 23 дек. 2021 18:15 1070

Алтай – аймақты алға бастап тұрған аудандардың бірі. Аудан әкімі Қалихан Байғонысов өлкені өрге сүйреп жатқан экономиканың негізгі секторларын атап өтті.

«Аграрлық сектор біздің ауданымыздың экономикасының ең басым бағыттарының бірі. Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің 75%-ы өсімдік шаруашылығы саласына, 25%-ы мал шаруашылығына тиесілі. Неғұрлым мол өнім дақылдар – бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, майлы дақылдардан – күнбағыс және рапс», – дейді Қалихан Байғонысов.

Айта кетерлігі, ауданның аграршылары жыл сайын ылғал ресурстарын сақтау технологиясы бойынша өңделетін егіс алқаптарын ұлғайтуда. Бүгінде алқаптың көлемі 55 мың гектар болды.

Биыл аудан диқандары орта есеппен гектарынан 20 центнерден астам өнім алған. Гектарынан 40 центнерден астам өнім алған шаруашылықтар да бар.


Әкім мәліметі бойынша жыл сайын "Луч" және "Алтай Беловодье" шаруа қожалықтары жоғары нәтиже көрсетеді.

Ауданда мал шаруашылығына да көп көңіл бөлінуде. Әкімдік мал басын көбейтуге күш салған шаруаларды қолдап, демеп отыратын дәстүр қалыптастырған.

«Ауданның елді мекендерінде бес сүт-тауар фермасы табысты жұмыс істеп тұр. Алдағы жылы Полянское ауылында 1000 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жоспарымызда бар», – дейді осы орайда Қалихан Байғонысов.

Рекомендовать
Последние новости