Катоқарағай ауданында соңғы 6 жылда кәсіпкерлік нысандардың саны 972-ден 2228-ге өскен

Dalanews 23 дек. 2021 18:39 968

Ел экономикасын өркендетуде шағын және орта бизнесті өркендетудің маңызы зор. Бұл бағыттағы жұмыстар Катоқарағай ауданында да маңызды бағыттардың бірі десек болады. Қазіргі таңда аудандағы кәсіпкерлікпен айналысуға ықыласы ауған мемлекеттің мүмкіндіктерін пайдаланып, ауданның дамуына өз үлестерін қосып келеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгінде Катонқарағай ауданында шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өсудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруда маңызды рөл атқаратыны анық.

Айталық. 2005 жылдан бастап 2021 жылға дейін аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 972 бірліктен 2228 бірлікке өсіп, көрсеткіш 2,3 есеге жоғарлаған. Ал кәсіпкерлердің аудан халықын жұмыспен қамту деңгейі 2203 бірліктен 3393 бірлікке дейін немесе 1,5 есеге ұлғайса, өнім өндіру көлемі 9 есеге өсіп, 4 320,0 млн. теңгеге жеткен.

Гранттық қаржыландыру есебінен, «Еңбек», «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары шеңберінде және «Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық қоры есебінен жобалар іске асырылуда.


Биылғы жылы жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге 30-дан астам кәсіпкер гранттар мен кредиттер алған біздің сөзімізге айқын дәлел болады.  Аайта түссек, 10 жоба 364 млн теңгеге субсидияланса, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы шеңберінде 34,9 млн теңгеге 9 жоба кепілдендірілген.

Ал жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Айталық, аудандағы Жеке кәсіпкер Н. Раисов, сыйымдылығы 220 орындық қоғамдық тамақтану орнын ашқан. Осы бір деректерден Катонқарағай ауданында бизнестің қолдау жүйелі түрде іске асып келе жатқанын аңғарамыз.

Рекомендовать
Последние новости