Тәуелсіздік жылдарында оңалту орталығы, 12 пантымен емдеу орны, 4 демалыс базасы, 18 шағын қонақ үй, 5 қонақ үй және 2 балалар сауықтыру лагері ("Арайлы Шығыс", "Сұңқар") ашылып, туристерге сапалы қызмет көрсетуде. Демалыс орындарының бір күндік сыйымдылығы 1146 төсекті құрайды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 200 төсектік «Топқайың», «Катонқарағай резорт», «Приморск» деп аталатын жаңа демалыс базалары ашылған болатын. Алдағы уақытта Өрел ауылында демалыс базасының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда 4 жаңа шағын қонақ үйдің құрылысы («Қаратай», «Жақсылықов Ш», «Тенгри хаус», «Әсел») аяқталған.
Аудандағы туризмді дамытуда 2001 жылы құрылған, еліміз ең ірі 400-ден астам адам жұмыс істейтін Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің алатын орыны ерекше. Флора мен фаунаның алуан түрлілігі шоғырланған саябақ табиғи және мәдени ескерткіштерге бай. Бүгінде 14 туристік маршрут пен соқпақ жұмыс істейді.
Облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен Берел ауылында ауыл туризмін дамыту бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Ауыз су мәселесі толықтай шешілген. Облыс әкімнің бастамасымен бұрынғы аудан орталығы Катонқарағай ауылын дамыту мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 10 шағын қонақ үй ашуға бизнес жоспарлар әзірленді. Қолға алынған нәтижесінде ағымдағы жылы ауданға 25 мыңнан астам турист келгенін атап айтуға болады.