Катонқарағай ауданында тұрғын үй салу ісі қарқын алған

Dalanews 23 дек. 2021 04:00 1314

Катонқарағай ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданда жаңа тұрғын үйлер салынуда. Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жыл ішінде ауданда 90 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, 1000-нан астам отбасы жаңа тұрғын үйге көшкен, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ағымдағы жылдың өзінде аудан бойынша 1,0 млрд теңгеден астам қаражатқа 7,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге артық.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың бастамасы бойынша тұрғын үйге мұқтаждар мәселесін шешу мақсатында өткен жылдан бастап «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы іске асырылуда. Осы бағдарлама шеңберінде өткен жылы бірыңғай сәулеттік келбеті бар 3 екі пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл 17 пәтерлі екі үйдің иелері баспаналарына кірді. Олар Үлкен Нарын ауылында 10 пәтерлі үй мен Катонқарағай ауылында 7 пәтерлі үйлер.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Үлкен Нарын ауылында 30 пәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға беріледі.

Рекомендовать
Последние новости