«Өскемен – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» республикалық маңызы бар және «Үлкен Нарын – Күршім» ауданаралық маңызы бар жолдарда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы екі жолды жөндеуге жөндеуге 4 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды.
«Нұрлы жол» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары аясында Үлкен Нарын, Катонқарағай, Өрел, Топқайың, Солдатово, Көктерек ауылдарындағы елді мекендердің жолдары және Көктерек, Солдатово ауылдарының кіреберістері жөнделді.
«Сөгір – Барлық – Ақсу» жолдарында 0-14 км учаскеде және «Жаңа Үлгі – Жамбыл – Берел» жолдарында 55-65 шақырымндағы учаскені жөндеу жұмыстары аяқталған.