Катонқарағай омарташылары жыл сайын 350-400 тонна бал өндіреді

Dalanews 23 дек. 2021 17:35 1456

Тәуелсіздік жылдары елімізде шекара өтіндегі аудандарды дамыту ісіне баса көңіл бөлінді.  Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатыны белгілі. Осындай аудандардың бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданы. Ауданда ауыл шаруашылығы мен туризм саласының әлеуеті өте жоғары, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еліміз егемендігін алған уақыттан бері аудандағы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің өндірген өнімі 1,6 млрд теңгеден 31,4 млр теңгеге ұлғайып, көрсеткіш 20 есеге өскенін байқауға болады.

Тарқатып айтсақ, ауданда бір ғана мал шаруашылығы саласының өндірген өнімі 22,1 млрд теңгеге жеткен. Биылдың өзінде ауданда 7,8 мың тонна ет, 40,3 мың тонна сүт және 7,1 млн жұмыртқа өндіріп, аудандағы шаруалар тынымсыз еңбек еткенін байқауға болады.

Қазіргі таңда катонқарағайлық шаруалар ет пен сүтті молынан өндіру үшін қой мақсатында қой, жылқы, құс, марал және ара шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлуде.

Катон Қарағай ауданына ғана тән шаруашылықты түрі марал өсіру ісі десек болады. Бүгінде ауданда марал өсіру ісімен 11 шаруашылық айналысады. Олар жыл сайын 4 тонна марал мүйзі мен 2 тонна пант өндіріп келеді. Шаруашылықтардың өндірген өнімен сұраныс жоғар. Ауданда марал өсіру ісі аудандағы табысты шаруашылықтың бірі болатыны анық.

Соңғы уақыттары адандағы омарташылар да сапалы өнімдерімен ауданның атын шығарып жүргені белгілі. Бүгінде ауданда омарташылықпен кәсіби түрде айналысатын 16 мың отбасы бар. Олар жыл сайын 350-400 тонна бал өндіріп, аудан экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Рекомендовать
Последние новости