Алматының тау бөктеріндегі аудандарда су тасқыны болуы мүмкін

Көркем Алдабергенова 17 мая 2024 09:58 2928

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға жедел ескерту жасады. 16 мамырда кешкі уақытта басталған жағбыр 18 мамыр аралығына дейін жауып, таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қауіпті белгілерден асқан жағдайда Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін.

Осыған орай Алматы қаласының ТЖД тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертеді.

Алматы қаласының ТЖ департаменті #09 Қазгидрометтің дауылды ескертуінің негізінде 16 мамыр күні кешкі уақытта және 17 мамыр күні (жұма)түнде қатты жауын шашын, найзағай күтілетіні туралы хабарлайды. Таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік Батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 17-22 метрге дейін жететіні туралы ескертеді.

ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұрайды. 


Рекомендовать
Последние новости