Астанада жазғы демалыс қарсаңында оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілдіАстанада

Жарбол Кентұлы 16 мая 2024 09:51 1809

Астанада жазғы демалыс қарсаңында қала прокуратурасы полиция және ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, мектептерде балалардың қауіпсіздік ережелері, оның ішінде жол жүру, құқық бұзушылықтардың алдын алуы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға орта және жоғары сынып оқушылары қатысты.

Қызметкерлер балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі өзін өзі ұстау бойынша негізгі ережелерді, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары, құқық бұзушылықтардың алдын алу және т.б. туралы айтып берді.

Іс-шараны елорданың барлық білім беру ұйымында өткізу жоспарланып отыр.


Рекомендовать
Последние новости