Алматының сот шешімімен тау бөктерінде салынып жатқан ірі нысан сүріліп жатыр

Ақтоты Жапатова 19 июн. 2025 17:00

Алматыдағы Нұрмағамбетов көшесі, 374/1 мекенжайдағы төрт қабатты ғимарат заңсыз деп танылды. Бір күн бұрын нысан сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Нысан заңсыз салынған. 2022 жылы құрылыстың тиісті құжаты болмағандықтан басқарма өз бетінше салынған ғимаратты бұзуға талап-арыз берген еді. Кейін сот процесі жүрді.

2022 жылы 29 қарашада Алматы қалалық соты басқарманың талап-арызын қанағаттандырды және Алматының Әділет департаменті атқарушылық іс қозғаған болатын.

Қала тұрғындарына ғимараттың заңсыз салынғанын ескерту үшін нысан жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын тізімге енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тізімге енген бірқатар заңсыз салынған ірі нысан толық немесе жартылай бұзылған болатын, олардың арасында «Арман» және «KHAN», «Orda City» тұрғын үй кешендері және т.б. бар.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын оның құжаттарының бар-жоғын білу үшін +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық телефон нөміріне жүгінуге кеңес береді.


Рекомендовать
Последние новости