Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 517,45 теңгені құрап, бір тәулікте бірден 5,01 теңгеге тағы қымбаттады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚР Ұлттық Банктің таңертең бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 512,44 теңге болған еді.
Kurs.kz мәліметтері бойынша, еліміздегі ақша айырбастау орындарында бүгіндері 1 АҚШ доллары 518,11-520,51 теңге, 1 евро 594,42-599,05 теңге аралығында сатылып-сатып алынып жатыр.
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы бүгін тағы аздап өсті.
- ICE Futures электрондық сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 1,19%-ға көтеріліп, 1 баррелі 74,14 долларды құрады.
- NYMEX электронды сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың маусым фьючерстерінің құны 1,18%-ға арзандап, 1 баррелі 71,17 доллар болды.
Бұған дейін сатымызда геосаяси тәуекелдер әлемдік нарықтағы бағаларға тағы да қысым жасап жатқанын жазып, BCC Invest шолуын жариялаған болатынбыз.