"Росатом": Ресейге қарсы санкциялар Қазақстандағы АЭС құрылысына зиянын тигізіп жүрмей ме?

Кәмшат Тілеухан 16 июн. 2025 11:02

Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ресейге қарсы санкциялар Қазақстандағы АЭС құрылысына зиянын тигізбейтінін жеткізді.  Қазіргі консорциум көшбасындағы "Росатом" санкциялар тізіміне енбеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Болашақта жекелеген елдердің жариялауы ықтимал қосымша санкциялар пакеті бойынша қандай да бір тәуекелдер туындаған жағдайда, қазақстандық компаниялар басқа жобаларда да қолданған тиісті шарттық тетіктерді іске қосатын болады. Яғни, келісімшартта санкциялар туындағанда қарастырылатын құқықтық құралдар бар. Бұл ретте әлеуметтік-гуманитарлық қажеттіліктеріне және климат бойынша күн тәртібінде қарастырылатын басты мәселелердің бірі болуына байланысты атом энергетикасы санкция тізімдеріне енгізілмеген", - деп атап өтті ведомстводан

Агенттік Росатомның "тәуекелдер бойынша мұқият бағалаудан" өткенін, оның ішінде Ресейге қарсы санкциялар енгізу сценарийлері және жабдықты жеткізудегі ықтимал проблемалар да зерленгенін айтады. Сондай-ақ, жеткізушіні таңдау кезінде мамандар санкциялық комплаенс бөлігінде халықаралық заңгерлермен кеңескен.


Рекомендовать
Последние новости