Алматының бір бөлігі әлі жарықсыз отыр

Сағыныш Сардарова 14 нояб. 2025 11:20

Алматының бір бөлігі әлі жарықсыз отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

13 қарашада кешке бірнеше ірі қосалқы станция уақытша электр қуатынсыз қалған. Апат Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғындарына әсер етті. 

Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі, сондай-ақ, Райымбек даңғылы - Момышұлы - Мөңке би көшелерінің аралығындағы аумақ жарықсыз қалды.

Алматы әкімдігі мәліметінше, 14 қарашада сағат 00:12-де ПС-110/10кВ 169А "Ақбұлақ" қосалқы станциясы 110 кВ №101А желісі арқылы қайта қосылған.

Қазір мамандар Нұркент, Ақкент, Алғабас, Теректі және Көксай шағынаудандарында жұмысты жалғастырып жатыр.

Осы аудандардағы мектептерде сабақтар қысқартылып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости