Азот оксиді: Астанада "көңілді газды" заңсыз сатқандар жазаланды

Көркем Алдабергенова 14 нояб. 2025 09:44

Елордада азот оксидін заңсыз сату фактілері тоқтатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Азот оксидін немесе «көңілді газ» деп аталатын затты қолдану қоғамда барған сайын алаңдаушылық туғызуда.

Азот оксиді есірткі емес, бірақ ол адам өмірі мен денсаулығына зиянды күшті әсер ететін заттарға жатады.

Көбінесе бұл затты қолдану арқылы азаматтар есірткіні қолдануға қадам жасайды.

Азот оксидін сату үшін тиісті лицензия қажет.

Сонымен қатар, қаланың ойын-сауық мекемелерінің бірінде қажетті лицензиясыз келушілерге «Көңілді газды» еркін таратқан.

Тексеріс нәтижесінде аталған мекеменің меншік иесі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 426-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (фармацевтикалық қызмет ережелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналым саласын бұзу).

Азот оксидін заңсыз таратушыға мекеме қызметін бір айға тоқтата отырып, 200 АЕК айыппұл салынды.

3 баллон азот оксиді жойылды.


Рекомендовать
Последние новости