Алматылық кәсіпкер: "Жыл сайын 5 мың тонна өнім өндіреміз. Кәсіпорында 250 адам жұмыс істейді"

Dalanews 09 нояб. 2022 11:15 781

Алматылық кәсіпкерлер қаладағы индустриалды аймақтың игілігін көріп отыр деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өнеркәсіптік аймақ аумағында барлық қажетті инфрақұрылым – газбен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету, электр энергиясы, кәріз құбыры, нөсер кәрізі, интернет, кәбілдік телефония, жол желісі бар, «Индустриалды» жеке теміржол станциясының құрылысы жүргізілуде.

Алматының индустриалды аймағында тамақ өнеркәсібі саласында жақсы танылған кәсіпорындардың бірі – «Бижан» ет өңдеу зауыты. Жыл сайын «Бижан» ЕӨЗ 5 мың тонна өнімді өндіреді.

Жыл сайын Алматының индустриалды аймағындағы «Бижан» ет өңдеу зауыты 5 мың тоннадан астам өнім өндіреді. Ассортиментте шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттардың 100-ге жуық атауы бар.



Өнімнің үнемі жоғары сапасы 3 негізгі фактор есебінен қамтамасыз етіледі:

1. Меншікті шикізат.«Бижан» МӨЗ-нің Ақмола облысында өзінің бордақылау алаңы мен сою цехы бар, яғни ГМО, соя және басқа да зиянды қоспалары жоқ шұжықтарға арналған ет.

2.Ең жаңа жабдық.Зауыттың технологиялары қазақстандық ғана емес, еуропалық стандарттарға да сай келеді. Тәулігіне оның қуаты 20 тонна шұжық өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.

3.Адамдар.Бүгінгі таңда кәсіпорында 250 адам жұмыс істейді, олардың әрқайсысы өз ісінің жоғары кәсіби маманы.

«Біздің өніміміз көптеген марапаттарға ие, оның ішінде республикалық деңгейдегі «Қазақстанның үздік тауары» айырым белгісі және ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығы бар», – дейді «Бижан» ЕӨЗ» ЖШС-нің бас директоры Хадиша Бижан.

Айта кетейік, Көкшетауда «Бижан» компаниясының шұжық және консерві өнімдерін шығаратын комбинаты да табысты жұмыс істеуде.

Айта кетелік, бұған аймаққа арнайы барған қала әкімі Ерболат Досаев индустриалды аймақтың басқарушы компаниясына өндірістік кәсіпорындардың жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырған еді.

https://dalanews.kz/aimak/84474-2023-zhyly-almatyda-kasipkerlerge-arnalga

Рекомендовать
Последние новости