"Алматыла 1 литрі - 112 теңге". Қазақстанда 1 тамыздан бастап автогаз қымбаттады

Кәмшат Тілеухан 05 авг. 2025 09:37

Қазақстан 1 тамыздан бастап автогаз құю станциялары үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада және сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді. Бұл туралы бұйрыққа Энергетика министрі 2025 жылы 30 шілдеде қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан өңірлерінде 1 тамыздан бастап АГҚС-тағы газға мынадай бағалар қолданылатын болады:

  • Астана мен Алматы қалалары: 1 литрі 112 теңге (102 теңге болған);
  •  Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары: 1 литрі 85 теңге (77 теңге болған);
  •  Шымкент қаласы, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу,Ұлытау облыстары: 1 литрі 112 теңге (102 теңге болған);
  •  Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары: 1 литрі 102 теңге (90 теңге болған);
  • Маңғыстау облысы: 1 литрі 72 теңге (65 теңге болған).

Сонымен қатар Қазақстанда сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа көтерме саудада өткізудің шекті бағасы 2025 жылғы 1 тамыз бен 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңге ҚҚС-сыз 1 тоннасы 51 932 теңгеден 59 722 теңгеге дейін өсті.

Энергетика министрлігі енгізген тиісті түзетулер 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Айта кетсек, Қазақстанда автогаз биыл қсыта ғана қымбаттаған. Мәселен, 2025 жылы 1 ақпанда Астанада баға бірден 20 теңгеге өссе, ал Алматыда автогаз құнына 13 теңге қосылған еді. Сонда жыл басынан бері автогаздың 1 литрі Астанада 30 теңгеге, ал Алматыда 23 теңгеге қымбаттап отыр.


Рекомендовать
Последние новости